Ақжан Әл-Машани туралы не білеміз

Пресс-служба     01 May,2020        

Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын алғаш зерттеген қазақ ғалымы Ақжан Әл-Машани туралы не білеміз?

Бұл туралы тарих және саясаттану оқу кафедрасының ұйымдастыруымен өткен онлайн дөңгелек үстелде толық баяндалды.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен қаламыздың мектеп ұстаздары қатысты.

Дөңгелек үстел нәтижесінде әл-Фарабидің рухани және интеллектуалдық мұрасын дүниетаным тұрғысында зерттеуге байланысты тақырыптар талданды. Сондай ақ, өткен кезеңнің рухани мұрасының қазіргі заманғы және жаңа кезеңдегі адамның дамуы үшін тарихи маңыздылығы жайында сөз қозғалды. Яғни, Ақжан әл-Машанидің еңбектерінің Әл-Фарабиді танудағы орыны анықталды. Әл-Фараби философиясының адамгершілік құндылығын, философиялық-эстетикалық және әлеуетін жаңа интегралдық дүниетанымның негізін және қазақстандық қоғамның құндылықтарын қалыптастыруда қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың өз ойларын ашық, анық айту мақсатында ортақ тақырыптар қозғалды.

Айта кетейік, Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани Аристотельден кейінгі екінші ұстазды зерттеуші ғалым ғана емес, сондай-ақ, Қазақстандағы геомеханиканың негізін салушы, әрі жазушы.