Әл-Фарабидің еңбектеріндегі қайырымдылық мәселелері

Пресс-служба     10 May,2020        

Аграрлық факультетінде бүгінгі қоғамдағы қайырымдылық мәселелерін Әл-Фараби еңбектерімен ұштастырған онлайн-семинар өтті.

Семинарда әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің өмірі жайында қысқаша мәлімет берілді.

Гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасының меңгерушісі Айман Ақтанова ғұламаның еңбектерін бүгінгі қоғаммен салыстыра отырып баяндап берді. Студенттер сауалдарын қойып, өлең оқып семинарды әсерлі әрі қызықты өткізді.