Әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығы ашылды

Пресс-служба     16 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде Әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты-студенттердің психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету.

Жастармен тығыз қарым-қатынас жасайтын орталық маманы – психолог Нұрмұхамбетова Кымбат Мейрамбекқызы.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары психологиялық алдын алу, психодиагностика, дамыту және психокоррекциялық жұмыс, психологиялық кеңес беру, Психологиялық ағарту болып табылады.

Кез-келген уақытта Ә.Бөкейхан кампусында (Тәңірберген 1) №112 кабинетте орналасқан Әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығына жүгіне аласыз.

Орталық университет студенттерімен, қызметкерлеріне әрдайым ашық.

Айта кетейік, психологиялық денсаулықтың негізін студенттердің толыққанды тұлғалық дамуы құрайды. Еліміздің болашағы дені сау ұрпақ қолында.