Аманаты Алаштың!

Пресс-служба     22 May,2019        

22 мамыр күні Шәкәрім университетінде белгілі ғалым, энциклопедист, алаштанушы Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлының балаларға арналған «Аманаты Алаштың» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кездесуге қаламыздың, университетіміздің зиялы қауым өкілдері қатысып, қызықты оқиғаларды еске алды. Жазушы студенттерге үлгілі әңгімелер айтып, баяндамашылар өмірбаянымен таныстырды. Университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы белгілі тұлғаны «Шәкәрім» медальімен марапаттап, жылы лебізін білдірді.

Өзінің түлеп ұшқан жерінде, ұстаздарының алдында  кітабының тұсауын кесу үлкен дәреже – дейді Тұрдықұл Қасенұлы.
Айта кетейік Тұрдықұл Қасенұлы университетіміздің түлегі, Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бірнеше энциклапедияның авторы.