«Apta Batll» ойындары жалғасуда

Пресс-служба     20 Nov,2019        

Университетімізде «Apta Batll» ойындары бастау алғанын айтқан болатынбыз. Сайыс Шәкәрім университетінің «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ  ұйымдастыруымен университет факультеттері мен өзін-өзі басқару ұйымдарының арасында өтуде.  Қатысушы командалар «Эстафеталық ойындар» атты екінші турда спорттық сайыстардан бақ сынады. Бұл кезеңнің мақсаты командалардың жылдамдығын тексеру болды.

Ал, «Видеоролик» атты үшінші кезеңде әр команда қазіргі замандағы өзекті мәселелерге арнайы видеоролик көрсетіп, тақырыптарын аша алды.

Jas Otan» ЖҚ  белсенділері бұл кезеңде «Өзімізде барды бағалай алуымыз, өзімізде жоқты жамай алуымыз қажет. Сол себепті, жастарымыздың қазіргі уақыттағы мәселелерді біліп, оны шешуіне мүмкіндік беруге тырыстық»дейді.

Университет факультеттері мен өзін-өзі басқару ұйымдары арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, жастардың бәсекеге қабілеттігін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған сайыс алдағы уақытта жалғасын тауып, жеңімпазды анықтайтын болады.