«Apta Battle» сайысы өтуде

Пресс-служба     14 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ ұйымының ұйымдастыруымен «Apta Battle» сайысының салтанаты ашылу салтанаты өтті.
Сайыстың алғашқы турына университет факультеттері мен ұйымдары белсене қатысуда.

Екі аптаға созылатын «Apta Battle» сайысының мақсаты – студенттердің өзара ынтымақ-берекесін арттыру, студенттердің бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ ұйымдар мен факультеттер арасында достық қарым-қатынасын нығайту болды.

Бірінші тур «Сиқырлы қобдиша» сайысы болды. Бұл турда қатысушылар логикалық және ғылыми сұрақтарға жауап берді.

Бірінші тур қорытындысы бойынша 10 баллмен алда «Жаратылыстану-математика факультеті» пен «Конгресс» интеллектуалды дебат клубы тепе-тең келе жатыр.
Келесі турлар «Видеоролик», «Өнер», «Спорт», «Жоба» сайыстары бойынша жалғасады.
Қатысушыларға сәттілік!