“ART FEST” концерттік кеші өтті.

Пресс-служба     25 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім университеті – Ашық алаң» іс-шаралар циклі аясында Art Union талантты жастар ұйымының алғашқы “ART FEST” концерттік кеші өтті.

Байқаудың мақсаты – студенттердің шеберлігін арттыру, шығармашылық дәрежесін көтеру және мәдени бірлікті дамыту болды.

Кеште университетіміздің Art Union талантты жастар ұйымының өнерпаздары түрлі қойылымдар арқылы ән айтып, би билеп шоу концерт жасады.

Өнерге құмар жастар жалынды кеш сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. «Алғашқы концерт болса да жоғары деңгейде өтті» дейді қатысушылар. Айта кетейік осы концерттен кейін талантымен талайды тамсандырған өнерпаздар қатарына қосылуға ниет білдірушілер қатары да артты.

«Концерттік кештің нәтижесінде студенттердің бос уақытын тиімді өткізіп, Жастардың өнерге деген құлшынысын оятып, шығармашылығын дамытуға жағдай жасадық деп білеміз» дейді ұйымдастырушылар.