Ашық дәрістер студенттер көңілінен шығуда

Пресс-служба     07 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің Co-Working орталығында университет менторларының дәрісі өз жалғасын тапты. Университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім университеті – ашық алаң» іс-шаралар циклі аясында бастау алған ашық дәрістер студенттер көңілінен шығуда.

Университет менторы, профессор  Есенжолов Ерғали Қабдоллаұлы  студенттерге «Конститутциялық – құқықтық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында  дәріс оқыды. Заңды білуге ұмтылған жастар дәрісті қызыға тыңдап,  пікірлерін де ортаға салды.

Сондай-ақ педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының физика профессоры Серікбай Сәлімбекұлы Маусымбаев дәстүрлі кездесуде Шәкәрімнің атомистикалық және электронды көзқарастары жөнінде өз ойын ортаға салды.

Айта кетейік университеттің 85 жылдығына орай Шәкәрімнің «Үш анық» философиялық трактаты студенттерге табыс етілген болатын. Бұл еңбекте Шәкәрім қазақ ойшылдарының арасында алғаш рет барлық заттар бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады деген көзқарасты ұсынған. Атом және электрон ұғымдарына байланысты көзқарастар – сабақтардың әсерлі өтуіне септігін тигізіп, жаратылыстану пәндерінің дүниетанымдық мәселелеріне студенттердің ынта-ықыласын арттырды. «Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі жастарды патриотизм рухына тәрбиелеуге үлкен үлес қосады» дейді университет менторлары.