«Ашық есік күні» өтті

Пресс-служба     25 Nov,2019        

Қазақ филологиясы факультетінде «Ашық есік күні» өтті. Шараға қала мектептерінен Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін таңдап отырған және келешекте журналист мамандығына қызығушылығы бар 30-дан аса 11-сынып оқушылары келіп, факультетте даярланатын барлық мамандықтар туралы кең мәлімет алды.
Сондай-ақ оқушылар журналистика мамандығына арналған университет телестудиясымен танысып, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірттерінің өлеңдерімен сусындап қайтты.
Факультеттің 4 курс студенттері өздері білім алып жатқан мамандықтарының қыр-сыры мен ерекшеліктері туралы әңгімелеп, оқушылардың қызығушылығын одан әрі арттырды. Қатысушылар шынайы ризашылықтарын білдіріп, осы университетте білім алсам деген ниеттерін жеткізді.