Ашық есік күні өтті

Пресс-служба     13 Apr,2019        

Семей жобалық кеңсесі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығына орай “Семей жастар ресурстық орталығы” мен “Нұр Отан” партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділеріне арнап экскурсиялық-танымдық сағат өткізді. Жастар ең әуелі “Ұлы Дала тарихы” зонасындағы тарихи жәдігерлермен танысып, Елбасы кітапханасындағы жаңа кітаптарды қарастырды. Елбасының “Ұлы Даланың жеті қыры” мақаласы жайлы да өз ойларымен бөлісіп, кеңсе қызметкерлеріне бағдарламалық мақалаға қатысты жобаларын ұсынды. Алдағы уақытта жастармен тізе қосып, шаралар легін ұйымдастыру жоспарлануда.