Ашық есік күні жалғасын тапты

Пресс-служба     13 Apr,2019        

Семей жобалық кеңсесінде өткен ашық есік күнінің кезекті қонақтары -қаламыздағы №27 мектептің 10-11 сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Марал Бекболатқызы.

Мектеп оқушылары «Ұлы Даланың құнды жәдігерлері» атты саяхат сабағында Семей жобалық кеңсесінің «ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ» зонасында орналасқан тарихи жәдігерлермен танысып, өткен ғасырларларға шолу жасады. Оқушылардың назарын аударған бірден бір жәдігерлер Бұрын-соңды естіп-білмеген ат әбзелдерінің ерекше атаулары мен батырларымыздың асынған былғары белбеулері болды. Сонымен қатар оқушылар «АЛТЫН АДАМ»-ның зерттелуіне қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, көшпелілер тарихының төңірегінде қызықты сұрақтар өрбітті.
«Қазақстанның болашағы – өскелең ұрпақ «жастардың» қолында.Оларға озық білім мен өнегелі тәрбие беру біздің басты парызымыз» – дейді кеңсе қызметкерлері.