Ауған соғысы ардагерімен кездесті

Пресс-служба     17 Feb,2020        

Студенттер Ауған соғысының ардагерімен кездесті. Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен Семей жобалық кеңсесінде өткен кездесуге Ауған соғысының ардагері Нұрлан Түсіпов арнайы қатысты. Сұрапыл соғыста ұшқыштар қатарында болған ардагер  бүгін де  инженерлік-технологиялар факультетінің аға оқытушысы.  Нұрлан Оразханұлымен кездесуге келген студенттер ардагердің қызықты оқиғалары, майдандағы қаруластарының ерлігі туралы естіп, жанарлары жарқырай түсті. Қызықты кештен шабыт алған қатысушылар  келген қонаққа ән арнап, өлең оқыды.

«Бүгінгі кездесуден кейін елге, жерге деген сүйіспеншілігіміз арта түскендей болды» дейді студенттер алған әсерлерімен бөлісіп.

Айта кетейік, 15 ақпан кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толды.