Әз-Наурыз құтты болсын!

Пресс-служба     18 Mar,2019        

Наурыз – жыл басы! Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке – ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі.

Осынау көктен көпке шапағат төгілетін Ұлыстың ұлы күнін Шәкәрім университетінің тарих-педагогика факультеті ерекше ықыласпен қарсы алды. 2019 жылы 15 наурыз  тарих-педагогика факультетінің «Психология» кафедрасының уйымдастыруымен «Әз-Наурыз құтты болсын!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға факультет ұжымы, студенттер барын салған. Қойылған мақсат толығымен жүзеге асырылды. Іс-шарада қазақ халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері дәріптелді.