Азия чемпионы атанды

Пресс-служба     04 May,2019        

4 мамыр Күні Шәкәрім университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Жұматаева Талшын Тайланд елінде өткен ММІ Азия чемпионатында 1 орын иеленді. Айта кетейік Талшын бұл спортпен айналысқанына бар болғаны 6 айға жуық уақыт болған. Қалалық жарыстарда бақ сынап чемпион атанған қыз бүгінгі таңда Азия чемпионы атанды. Құттықтаймыз!