Балалар футбол лигасының кезекті ойыны

Пресс-служба     10 Jan,2020        

Шәкәрім университетінде «Балалар футбол лигасының» кезекті қысқы ойыны өтті.

Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Өскемен және Семей қалаларының футбол орталықтары мен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 8 команда қатысты.

Балалар жаттықтырушыларын еске алуға арналған жарыста барлық командалар дене шынықтыру және тактикалық дайындықтарының жақсы деңгейін көрсете білді.

Ымырасыз күрес нәтижесінде

1 орын – Семей қаласы “Алтай” футбол командасы

2 орын-Павлодар қаласы Балалар мен жасөспірімдер  командасы

3 орын – Семей қаласы “Алтай-2” футбол командасы

4 орын – Өскемен қаласы “Алтай” футбол командасы иеленді.

Ұйымдастыру комитеті номинациялар бойынша үздік ойыншыларды анықтап, барлық жүлдегерлер мен номинанттарды арнайы кубоктармен марапаттады.