Балалар футбол лигасының кезекті жарысы өтті

Пресс-служба     27 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің спорт кешенінде “Балалар футбол лигасының” кезекті жарысы өтті.

Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Өскемен және Семей қалаларының футбол орталықтары мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің командалары қатысты.

Жарысқа қатысқан барлық командалар дене шынықтыру және техника-тактикалық дайындығының жақсы деңгейін, жеңіске деген жігерлігін көрсете білді.

Ымырасыз күрес нәтижесінде:

1 орын – «Алтай» командасы (Өскемен қаласы)

2 орын – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы  (Павлодар қаласы)

3 орын – «Алтай» командасы (Семей қаласы) иеленді.

Ұйымдастыру комитеті номинациялар бойынша үздік ойыншыларды анықтап, марапаттады.

Айта кетейік университетімізде бірнеше жылдан бері балалар футбол лигасына баса назар аударылып, қолдау көрсетіліп келеді.Бұл, жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасын жақсартып, бәсекеге қабілеттіліг арттыру үстінде.