Балалар үйіне мерекелік кеш сыйлады

Пресс-служба     28 Oct,2019        

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шәкәрім университетіндегі бастауыш бөлімшесі «Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты» КММ-ге барып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама мен тәтті тосынсыйлар, қажетті киім-кешек, аяқ киім мен ойыншықтар сыйлады.

Іс-шарада студенттер арнайы костюмдармен ойын ойнатып, «Достық» атты қуыршақ театрын көрсетіп, кішкентай бүлдіршіндерді қуантты.

Кездесу кезінде тоғыз құмалақ пен дойбыдан көңілді жарыстар ұйымдастырылды.Тәрбиеленушілер ән мен биден өнерлерін ортаға салды. Ұйым мүшелері балалардың қалаған суреттерімен беттеріне аквагрим суреттерін салды. Студенттердің мейірімге толы көңілдері көпке үлгі боларлық іс екені анық.

Тәрбиеленушілер «Jas Otan» Жастар қанаты белсенділеріне меркелік кеш сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді.

«Мұндағы әр бала ыстық ықылас пен көңілге зәру, бүгін соның орнын толтыруға барымызды салдық. Балалар да қуанып қалды» деп ұйым мүшелері ықыластарын білдірді.