Жарайсыңдар балуандар!

Пресс-служба     13 Jan,2020        

Өнер және спорт факультетінің 1 курс студенті Төкешов Әділ қазақ күресінен чемпион атанды. Павлодар қаласында Кемел Әшімбетовті еске алуға арналған Республикалық турнирде  ауыр салмақта бақ сынағанан балуандарымыз жүзден жүйрік шықты. Сондай-ақ, 100 кг салмақта дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Жұмашев Ерасыл және 90 кг салмақ дәрежесінде магистрантымыз Хасенов Айдар 3 орынға ие болды. Балуандарды жеңісімен құттықтаймыз!