баскетболдан Ерсайын Мұхамеджанов атындағы турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Пресс-служба     08 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде баскетболдан Ерсайын Мұхамеджанов атындағы турнирдің ашылу салтанаты өтті. Он төртінші рет дәстүрлі түрде өтіп жатқан турнирге Шәкәрім университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті, Семей медициналық университеті және Семей көлік колледжі командалары қатысты.
Турнирдің мақсаты: Қаламызда баскетбол спортын дамытып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
2006 жылы бастау алған турнир әр жыл сайын ерекшеленіп, беделі артып келеді. Университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы жарыстың шымылдығын ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, алдағы жылы турнирдің он бес жылдығына орай баскетбол спортына баса назар аударылып, ерекше форматта өтетінін мәлімдеді.
Үш күнге созылатын бәсекелі жарыста биылғы жылдың чемпиондарын анықтайтын болады.
Айта кетейік Ерсайын Мұхамеджанов атындағы турнир қаламыздағы ең беделді турнирлердің бірі.