Баскетболшылар жеңіске жетті

Пресс-служба     13 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің баскетбол командасы жастар арасында өткен қалалық чемпионатта жеңіске жетті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттерінен жасақталған команда барлық ойындарды сеніммен өткізді. Қазақстанға танымал баскетболшы Сергей Федосеев басқарған университет командасы қарсыластарын ойсырата жеңіп, финалда КазГИЮУ командасымен кездесті. Қызықты әрі тартысты өткен финалда баскетболшыларымыз жеңіске қол жеткізді. Құттықтаймыз!