Бейне – кеңес өтті

Пресс-служба     21 Jun,2019        

Шәкәрім университетінің мамандары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен білім беру бағдарламаларының паспорттарына сараптама жүргізу мәселелері бойынша сарапшылар үшін “орталық” сайтының платформасында кері байланысы бар интерактивті форматтағы бейне-кеңеске қатысты.

2019 жылдан бастап еліміздің барлық университеттерінің бакалавриатының, магистратурасының және докторантурасының білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінде  білім беру бағдарламаларының тізіліміне орналастырылады, сараптамалық бағалаудан өтеді және талапкерлерге, жұмыс берушілерге және басқа да мүдделі тұлғаларға жылына 365 күн қолжетімді болады.

Бейне-кеңес жұмысына Шәкәрім университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент, кадрларды даярлау бағыты бойынша сарапшылар, кафедра меңгерушілері қатысты.

Семинар барысында білім беру бағдарламаларын бағалау өлшемдері бойынша сұрақтар қаралды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінде  “сарапшы” беттерінде білім беру бағдарламаларымен жұмыс істеу механизмі туралы талқыланды.