Белгілі профессорлар Абай шығармалары туралы сыр шертті

Пресс-служба     21 May,2020        

Шәкәрім университеті Абай институтының ұйымдастыруымен “Абай әлемі” атты республикалық онлайн-семинар өтті.

Семинарға академик, абайтанушы, Шәкәрім университеті “Мәңгілік ел” кафедрасының меңгерушісі, профессор Ғарифолла Есім қатысып, Абай шығармалары бойынша “Қазақ ойы және қазіргі заман” тақырыбында ой қозғады. Ал, Абайтанушы, Шәкәрім университетінің профессоры Арап Еспенбетов “Абайтану және ХХІ ғасыр” тақырыбын ашып берді.

Сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков “Абай арнаулары”, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Сағымбай Жұмағұлов” Абайтанушы ғалымдар: саяси қуғын-сүргін және интеллектуалдық ізденістер”, Шәкәрім университеті Абай институтының директоры Жандос Әубәкір “Абайдың қоғамдық қызметі” және Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті “Бауыржантану” ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев “Абай өмірбаянының бұрмалану сыры” тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, семинарға арнайы қатысқан Анкара Қажы-Байрам Уәли (Түркия) университетінің профессоры Гүлжанат Курманғалиева-Ерджидасун “Абай қарасөздеріндегі құндылықтар” тақырыбында ой қорытты.

Семинарды толық көру үшін сілтемеге өтіңіз 👉🏻