Білім алушыларға семинар ұйымдастырылды

Пресс-служба     14 Dec,2020        

Тіркеу офисі, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясын өткізу туралы ағымдағы бақылау және қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстыру семинар жиналысын Zoom платформасында ұйымдастырды.

Тіркеу офисінің басшысы Р.С.Бекбаева білім алушыларды қорытынды аттестаттау, Академиялық адалдық ережелерімен, емтихандарды онлайн форматында өткізу талаптарымен, физикалық прокторинг жүйесімен жұмыс істеудің үдерісімен толық таныстырды.

Семинар барысында оқытушылар мен білім алушылардың қойған барлық сұрақтарына жауап беріліп, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл циклді түсіндіру шарасы ары қарай факультеттерде декандардың, кафедра меңгерушілері мен эдвайзерлердің білім алушыларға ұйымдастырған факультет сағаттарында өз жалғасын тапты.