Білім беру бағдарламалары рейтингісінде үздік

Пресс-служба     18 Dec,2019        

Шәкәрім университеті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісінде үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Рейтингте Қазақ Филологиясы факультетінің мамандықтары да жоғары нәтиже көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы өз саласында көш бастаса Филология мамандығы 4-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, осы күнге дейін Шәкәрім университеті түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша алдыңғы шептен түскен емес. Бұл, университеттің дайындап жатқан мамандарына сұраныстың жоғары екенінің дәлелі. Құттықтаймыз!