Білім беру ұйымдарының кітапханаларына арналған алғашқы онлайн-конференция.

Пресс-служба     23 May,2020        

Бұл білім беру ұйымдарының кітапханаларына арналған алғашқы онлайн-конференция.

Ғылыми кітапхана қызметкерлері “Лань” электронды кітапханалық жүйесі ұйымдастырған “Болашақ келді немесе кітапхана әлемді қалай құтқарды”атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.

Конференция аясында
– Қазіргі әлемдегі кітапхананың рөлі;
– қашықтықтан оқыту мен қашықтан жұмыс істеуге көшу кезіндегі жоғары оқу орындары мен кітапханалардың тәжірибесі;
– оқырмандармен қарым-қатынасты өзгерту;
– жұмыстың жаңа құралдары;
– карантин кезіндегі кітапханалардың оң және теріс жұмыс тәжірибесі және т. б. мәселелер қаралды.

Спикерлер:
– “Лань” ЭБС директоры»;
– “Сколково” басқармасының Мәскеу мектебі білім беруді трансформациялау орталығының директоры»;
-EBSCO, Wiley, “ИРБИС-Сервис”, IPR MEDIA, ИНФРА-М және т. б. компанияларының өкілдері.
Сондай-ақ, ЖОО ректорлары мен проректорлары, ғылыми кітапхана директорлары болды.

Ғылыми кітапхана қызметкерлері конференцияға қатысып, белсенділік танытқаны үшін сертификат иеленді.