Білім министрі Шәкәрім университетінде

Пресс-служба     20 Sep,2019        
20 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шәкәрім университетінде жұмыс сапарымен болып, университет тынысымен танысты.
Сапар барысында министр  «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ашылған Семей жобалық кеңсесі және Халықаралық қазақ тілін оқыту орталығының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ Асхат Қанатұлы университеттің жас ғалымдарымен  кездесу өткізіп, ғылым мәселелерін талқылады. Университеттің жас ғалымдары өз ұсыныстарын да білдірді.
Министрдің жұмыс сапары Семей қаласының ұстаздарымен  ашық диалог алаңында жалғасты. Асхат Қанатұлы педагог мәртебесі туралы Заңның қабылдануына байланысты негізгі жаңалықтарды түсіндіріп, көптеген сұрақтарға жауап берді.Заң жобасына ұстаздар қауымы пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.