Бірінші старт-алтын

Пресс-служба     14 Oct,2019        

Шәкәрім университеті қаламызда өткен «Ұлт денсаулығы» атты күзгі кроссқа қатысып, жеке және командалық есепте жарыстың барлық қашықтықтарын жеңіп, өзінің жоғары спорттық рейтингісін растады. Спорттық жиынға қаламыздың жоғарғы оқу орындарымен колледждерінен 17 команда қатысты.

Жеңілатлетикалық жарыстың мақсаты:

– салауатты өмір салтын насихаттау

оқу орындарының үздік дене шынықтыру ұжымын анықтау

– студенттік жастар арасында сауықтыру жүгірісін дамыту болды.

Шәкәрім университетінің құрама командасы, жаттықтырушы-оқытушы Рахымтай Абақовтың жетекшілігімен әйелдер арасында да ерлер арасында да жоғары көрсеткіш көрсетті.  Айта кетейік

  • Әйелдер арасында – 500 және 1000 м;
  • Ерлер арасында – 1000 және 3000 м-ге жүгірген болатын.

Сондай-ақ, университеттің құрама командасында биатлоннан Қазақстан құрамасы сапында университет атынан қатысатын Галина Вишневская да болды.