Бизнес жайлы пайдалы кеңестер

Пресс-служба     08 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің Жоғарғы Агротехникалық колледжінің студенттеріне «Білім беру мәселелеріндегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері” жобасы аясында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақты ТОО “KondiZ” директоры мен ТОО “Жайжа”, кофейня “Монарх”, “Атамекен” кәсіпкерлік бизнес өкілдерімен экономика пәнінің оқытушысы Айнур Жолтаевна өткізді. Сабақ  тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту бағытында өтті. Коммерциялық бизнес өкілдерінің оқыған дәрістерін студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап, сауалдарын жолдап, бизнес жайлы пайдалы кеңестер алып, тиімді жолдарын үйренді.

Сабақтың мақсаты колледж студентерін сапалы шешім қабылдай алуға, жауапкершілікті өзіне ала білуге, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға үйрету болды.

Ашық сабақ барысында топтық жұмыста бизнесмендер мен студенттер бірлесіп, бизнес-сабақ жоспарын құрды.

ТОО “КondiZ” директоры Адильбек Мухаммеджанович, ТОО “Жайжа” басшысы Анаргуль Кадылбековна, кофейня “Монарх” басшысы Валентин Борисович, “Атамекен” кәсіпкерлік маманы Александр Владимировичке студенттермен бірлесіп өткізген ашық сабаққа атсалысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.

«Осындай тағылымы мол шаралар студенттер үшін диплом алғаннан кейін де қалаған бизнесімен  айналысуына септігін тигізеді» дейді колледж оқытушылары.