БОЛАШАҚ БІЛІМДІ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ

Пресс-служба     15 Jan,2020        

2020-2021 оқу жылында талапкерлерді қабылдау үшін ұсынылған білім беру бағдарламалары қандай? Бұл туралы Гуманитарлық және Қазақ Филологиясы факультеттерінің академиялық комитетінің кеңейтілген отырысында сөз болды. Сондай-ақ, гуманитарлық мамандарды даярлау, олардың құзіреттілігі мен еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, оларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Қос факультеттің декандарының  төрағалығымен өткізілген жиын қазіргі таңда университетте, қалада, өңірде болашақ білім беру сапасы мен жағдайын анықтағандарды – білім беру бағдарламаларын құрастырушыларды, мектеп басшыларын, басқа да жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді.

Білім беру бағдарламаларын дамыту перспективаларын, олардың қазіргі жағдайдағы өзектілігін белсенді талқылау қорытындысын педагогикалық институттың директоры Ұлан Тілемісов қойды. Ол, өз сөзінде келесі оқу жылына талапкерлерді рекрутингілеуде есепке алынатын негізгі басымдықтарды атап өтті.