Болашақ магистранттар үшін сәтті вебинар өтті

Пресс-служба     12 Nov,2020        

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының докторы Берикханова Г. Е. басшылығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру “Магистратура” бағыты бойынша білім алғысы келетін педагогтермен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Онлайн кездесуге республиканың Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аудан және алыс-шалғайдағы ауыл мектептерінен 90-нан аса педагог маман қатысты. Белсенділік танытқан мектеп мұғалімдерінің көкейтесті сауалдарына факультет деканы Берикханова Г. Е., білім алуды жалғастыру факультетінің деканы Какимов А. К., сондай-ақ факультеттің тәжірибелі профессор-оқытушылары жауап берді.

Вебинарға қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сәтті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Магистратураға үміткер талапкерлердің өтініші бойынша Telegram мессенджерінде чат ашылып,  білім беру бағдарламалары туралы қосымша ақпараттарды алуға қолжетімділік мүмкіндігі туды.

Кездесу соңында вебинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді, факультет декандары алдағы уақытта да мектеп педагогтарымен тығыз жұмыс жүргізетіндерін сондай-ақ, онлайн кездесулердің әрмен қарай жалғасын табатынын хабардар етті.