Бүгін тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция күні!
Ата заңымыз еліміздің өмір сүруінің демократиялық қағидаларын бекітеді.
Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.
Ол азаматтарға олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді, олардың міндеттерінің шеңберін айқындайды.
Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейміз!