Чемпион атанды!

Пресс-служба     08 May,2019        

Шәкәрім университетінің студенттері дзюдо күресінен 7-11 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында өткен Х – жазғы олимпиадада командалық есепте 2 орынға ие болды. Жоғарғы оқу орындары арасында өткен тартысты додада Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Барыс Қуан 73 кг салмақта чемпионы атанса, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Арқабай Барақ 82 кг салмақта жеңіске жетті. 90 кг салмақта Хасенов Айдар 2-орын, 100 кг-да Калибеков Айбек 3-орынға ие болды. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Болат Ақжигитов пен Айбек Жұманбаев жетекшілік еткен спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Сонымен қатар Барыс Қуан және Арқабай Барақ Италия елінде өтетін дүниежүзілік студенттер ойынына жолдама алды. Құттықтаймыз!