Чемпионымен кездесу

Пресс-служба     11 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде «Өнер  және  спорт» факультетінің  студенті,  ММА-дан Қазақстан, Азия, Әлем чемпионы, Халықаралық  дәрежедегі спорт  шебері – Жұматаева  Талшынмен  кездесу  өтті.  Кездесуге Абай  ауданы, Қасқабұлақ ауылының  әкімі,  ауыл мектебінің  директоры, Талшынның  ата-анасы арнайы өз құттықтауларымен  келді.   «Мақтан  қума,  бірақ  бар  күшіңмен  мақтауға лайық әрекет  жасауға тырыс» – деген  сөздер Талшынның  бойындағы мінезге  сайып  тұрғандай.  Мұны Талшынды үлкен  спортқа бағыттаған бапкерлерінің сөзінен  аңғаруға болады.

Спорт әлеміндегі жеңістерімен әрдайым қазақ елін қуантып жүретін споршы қыз өзін құттықтап келген қонақтарға және университет басшылығына алғысын білдірді.

Ал,  біз Талшынға спорт  әлемінде   жеңіс тұғырынан  көрініп, көк туымызды желбірете бер демекпіз!