ClimateLaunchpad халықаралық байқауы

Пресс-служба     16 May,2019        

«Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылымқоры) NU GreenCampusжәне «Назарбаев Университет» ДББ«AstanaBusinessCampus» инновациялық кластерімен бірлестікте қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге ClimateLaunchpad 2019 халықаралық байқауына қатысуды ұсынады.

Байқауды Еуропалық одақтың климат және инновациялар облысындағы негізгі бастамасы болып табылатын Climate-KIC ұйымдастырған. 2019 жылы Climate-KIC байқауына 50 ел қатысады.

ClimateLaunchpad – «жасыл» технологиялар облысындағы бизнес-идеялардың аса ірі халықаралық байқауы, ол жаңғыртылатын энергия, азық-түліктің тұрақты өндірісі және қоршаған ортаны қорғау технологиялары облысындағы жобаларды енгізу арқылы қоршаған орта мен климатқа теріс әсерді төмендетуді көздейді.

Байқауға қоршаған ортаны жақсартуға және қорғауға бағытталған идеялары мен жобалары бар зерттеушілер, студенттер, магистранттар, докторанттар, ШОБ өкілдері, жеке кәсіпкерлер және басқа тұлғалар қай салаға жататындығына тәуелсіз қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жарқын, перспективті идеяларды тауып, олардың тұрақтыбизнес-жобаға дамуына көмек көрсету.Байқаудың жартылай финалына шыққандар стартап компанияарды дамыту және жобаға инвестицияар тарту облысындағы жетекші халықаралық және отандық жаттықтырушылардан машықтанудан өту мүмкіндігіне ие болады. Жаттықтырулар аяқталған соң сертификаттар берілетін болады.

Байқаудың Ұлттық финалының 2 жеңімпаз командасы 2019 жылғы қарашада өтетін Халықаралық финалға Қазақстан атынан қатысады.

Өтінімдер 2019 жылғы 15 сәуірден бастап 31 мамырға дейін қабылданады.

Нышанды толтыру және өтінім беру үшін https://climatelaunchpad.org/application-form/ сілтемесімен өтуге болады. Өтінім ағылшын тілінде толтырылады.

* Өтінім нышанын толтыру кезінде Қазақстан азаматтары, сонымен қатар форум өтетін кезеңде Қазақстанда болатындардың барлығы өтінім беретін ел ретінде Қазақстанды көрсетуі тиіс.

Байқауды өткізу шарттары және мерзімдері 1 және 2 қосымшаларда ұсынылған.

 

Егер  Сіздің өтінім толтыру бойынша немесе байқауға қатысу жөнінде басқа сұрақтарыңыз бар болса, + 7 7172 76 85 54 телефоны бойынша қоңырау шалуыңызға немесе climatelaunchpadkz@gmail.com электрондық мекенжайына жазуыңызға болады.