“Денсаулық күні” бастау алды

Пресс-служба     23 Sep,2019        

21 қыркүйек күні Шәкәрім университетінің спорт кешендерінде «Денсаулық күні» бастау алды.

Денсаулық күнінің ашылуына 300-ден аса студенттер, оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысып дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысты.

Оқу жылының соңына дейін әр сенбі күні өткізілетін «Денсаулық күніне» кез-келген спортпен айналысамын деген студент немесе оқытушылар қатыса алады.

Айта кетейік әртүрлі спорттық ойындар, көңілді старттар мен эстафеталар демалыс күнін денсаулық үшін пайдалы өткізуге, әрі оқытушылардың студенттермен бейресми қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.