Денсаулық фестивалі өтті

Пресс-служба     09 Sep,2019        

7 қыркүйек күні Шәкәрім университетінің студенттері, оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысқан «Бүкіл Қазақстандық денсаулық фестивалі» өтті. Қаламыздың «Спартак» стадионында өткен фестивальде Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров қатысушыларды оқу және спорт жылының басталуымен құттықтап, “салауатты өмір салты” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ  спортшыларға республикалық және халықаралық аренада елеулі жеңістер тіледі.

Іс-шара басында спорт шеберлігі жоғары студенттер спорт түрлерінен көріністер көрсетті, содан кейін фестивальдің барлық қатысушылары үшін жаппай жүгіру өткізілді.

Шара соңында ұйымдастырушылар “үйге-жаяу”акциясын жариялады
спортшыларымыз өздерін танытуда.