“Дидактикалық көпір: Еуропа – Азия” халықаралық білім форумы

Пресс-служба     24 May,2019        

Ағымдағы жылдың 25-28 мамыры аралығында  Шәкәрім университетінде “Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия” ІІІ халықаралық білім форумы өтеді.

«Дидактикалық көпір: Еуропа – Азия» халықаралық білім форумы осымен үшінші рет өтуде. Алғашқы кездесу Семей қаласында, екінші форум Польша елінде өткен болатын, үшінші толқыны Семей елінде қайта жалғасын тапты. Форумға Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы университеттерінің ректорлары қатысады.Көтерілетін мәселелер Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды, бағдарламалар мен жобаларды интеграциялау үшін де үлкен маңызға ие болады.

Форумның мақсаты-  қоғам мен тұлғаның құндылық басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған білім беруді ізгілендіру

Форум жұмысының негізгі бағыттары:инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын ұсыну; ғылыми коллаборация: зияткерлік ресурстар бірлестігі; қашықтықтан білім беру және өмір бойы оқыту. Сонымен қатар жоғары оқу орны шетелдік тәжірибені алып қана қоймай, өз жетістіктерімен, бірегей білім беру бағдарламаларымен бөлісу болып табылады.

Үш күнге созылатын мазмұнды жұмыс аясында: форумның пленарлық сессиясы, «Педагогикалық старт-2019″ жас педагогтардың жыл сайынғы аймақтық форумы, “Акме” халықаралық ағартушылық клубының отырысы, “Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет” дөңгелек үстелі, Семей қаласының жастары үшін бизнес-тренингтер, ғылыми семинарлар өткізу жоспарланған.

Мәдени-шығармашылық іс-шаралар аясында Абай мұражайында «Абай философиясының өркениетті феномені»  атты аймақтық зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады. Форум күндері “Көшбасшы феномені” атты панельдік дәрісте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Рақымжанов Әмірхан Мұратпекұлы сөз сөйлейді.

Өңір мектептерінің, колледждердің және жоғары оқу орындарының түлектері үшін “Жастар жаңа биіктерге”фестивалі өткізіледі.

Форум қорытындысы бойынша Шәкәрім университетімен Ислам ғылым академиясы және Шэньчжен университеті арасында білім беру және ғылыми ынтымақтастықтық туралы меморандумдарға қол қойылады.

Шэньчжэнь университетімен Шәкәрім университетінің бірлескен шешімімен  халықаралық көзқарас пен иновацияны және достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында елімізде алғаш рет”Белдеу-жол” ғылыми-зерттеу, (Шэньчжэнь)  институтының – Шәкәрім университетінде өкілдігі ашылатын болады.