Директорлар кеңесінің отырысы өтті

Пресс-служба     20 Dec,2020        

2020 жылғы 10 желтоқсанында ZOOM онлайн-платформасында “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КеАҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына конкурсқа қатысуға жіберілген құжаттары және жоғары оқу орнын дамыту жөніндеұсынылған бағдарламалары қарастырылды.

Отырыс барысында Директорлар кеңесінің “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының бос лауазымына 4 үміткерлердің баяндамалары тыңдалды:

1.Байжуманов Мұхтар Қазбекұлы

2.Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы

3.Жумадилов Булат Зулхарнаевич

4.Касенов Амиржан Леонидович

 

“Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КеАҚ Директорлар кеңесінің жасырын дауыс беру нәтижелеріне сәйкес Республикалық комиссия отырысында қарау үшін Мұхтар Қазбекұлы Байжұмановтың (100% дауыс) және Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековтің (80% дауыс) кандидатуралары ұсынылды.