Диссертациялық кеңес өтті

Пресс-служба     20 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде диссертациялық кеңестің отырысы болды. Отырыс Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, Шәкәрім университетінің профессоры Батырбеков Эрлан Гадлетұлының төрағалығымен «Техникалық физика» және «Тамақ қауіпсіздігі» мамандығы бойынша өтті.


“Тоқамақ қондырғысының бірінші қабырғасының үстінде және плазмадағы үрдістерді диагностикалау әдістерін дамыту” тақырыбында Чектыбаев Бауыржана Жамбылұлының диссертациясы ұсынылды.
Сонымен қатар Капшакпаева Зарина Владимировна”Тамақ өнеркәсібі технологиясы” бағыты бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
Диссертациялық кеңес – бұл профессорлық-оқытушылық құрамның көп жылғы еңбегінің, сондай-ақ Шәкәрім университеті мен ҚР Ұлттық ядролық орталығының ғылыми кадрларды даярлаудағы ынтымақтастығының нәтижесі.


Диссертациялық кеңес алғаш рет университетімізде 2018 жылы бастау алған болатын.Айта кетейік, еліміз бойынша үшінші болып тіркелген бұл кеңес университетімізде 2021 жылға дейін жалғаспақ. Ал, осы аралықта қорғалған ғылыми зерттеулер болашақта өз нәтижесін берері сөзсіз.