Дойбыдан қала чемпионаты өтті

Пресс-служба     05 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің қолдауымен университеттің СO-WORKING орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында “Дойбыдан 64” қала Чемпионаты өтті.
Үш күнге созылған чемпионатта қатысушылар әртүрлі туралардан өтіп, сынға түсті.
Жарысқа көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған мектеп-интернаттарының қызметтерін алушылар арасынан 50-ден астам спортшы қатысты.
Өмірге деген құлшынысы мен еңбектерінің арқасында бәсекеге қабілетті екенін көрсете білген спортшылар ерекше ойын көрсете білді.
Жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды.
«Мұндай сайыстар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістікке жетуіне мүмкіндік береді» дейді ұйымдастырушылар.