Доминик Джордан жас оқытушыларға дәріс өткізу үстінде

Пресс-служба     24 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде Экономика және менеджемент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан жас оқытушыларға дәріс өткізу үстінде.
Университеттің топ-менеджерлері үшін өткізілген семинарлар және кәсіпкерлермен кездесуде екі дипломды швейцариялық бизнес-білім беру мүмкіндіктері ұсынылды.
Сонымен қатар, профессор Доминик Джордан жастардың мотивациясы, тұлғалық және кәсіби өсуі бойынша воркшоп өткізді.
Айта кетейік, BBI және DBI арнайы оқыту бағдарламасы арқылы магистранттар мен докторанттар Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебімен тәжірибе алмаса алады. Сондай-ақ, студенттеріміз халықаралық менеджмент магистрі дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Қолданбалы экономика және менеджмент, даму стратегиясының жаһандық көрінісі бойынша дәрістер жас оқытушыларға тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуда.
«Университеттің шет елдік жоғарғы оқу орындарымен байланысы біздің тәжірибе алмасуымызға, әрі кәсіби тұрғыда дамуымызға үлкен септігін тигізуде» дейді қатысушылар.