E-Shakarim электронды университеті

Пресс-служба     19 Jun,2019        

18 маусым күні Шәкәрім университетінің «Электрондық университет e-Shakarim» орталығының мамандары Семей көпсалалы колледжінің бітіруші түлектерімен кездесіп, қашықтықтан оқыту технологиясының мамандықтарымен таныстырып, кәсіби бағыт – бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Шәкәрім университетінде “E-Shakarim электронды университет Орталығы” 2016-2017 оқу жылынан бастап жұмыс істейді. Қашықтықтан оқыту- жоғары білім беруді дамытудың перспективалық бағыттарының бірі. Қашықтықтан білім берудің негізгі ерекшелігі уақытты үнемдеу, сондай-ақ жұмыс орнынан қол үзбей сапалы білім беру. Осыған қатысты қазіргі уақытта қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқыту бакалавриатының 73 мамандығы бойынша жүзеге асырылады.

“E-Shakarim электронды университеті”Орталығын жетілдіру үшін Германиядағы білім сапасы бойынша үшінші орынға ие болған, Вестфаль Вильгельм университетімен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Бұл қашықтықтан оқыту технологиясының оқу үрдісіндегі маңыздылығын көрсетеді.