“Екі жұлдыз” ән байқауы өтті

Пресс-служба     18 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде “Екі жұлдыз” ән байқауы өтті. Жұп болып ән шырқаған әр факультеттің студенттері мен оқытушылары жиналған қауымды өнерімен тәнті қылды.
Қатысушылардың үстіндегі сәнді костюмдер мен аса талғампаздықпен таңдалған әсем әндер, түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген сахна. Мұның барлығы кештің ерекше әсерде өтуіне септігін тигізді.
Байқаудың қорытындысы бойынша
1-орынды экономика және құқық факультетінің оқытушысы Жұртыбаева Индира мен студенті Оразқызы Толқын иеленді.
2-орынды инженерлік-технологиялық факультетінің оқытушысы Сыдықова Аида мен студенті Сансызбай Абылайхан
3-орынды гуманитарлық факультеттің оқытушысы Алия Ануарбекова мен Абзалбекова Сана иеленді.
Ал «Super Like» аталымы бойынша жеңімпаз атанған инженерлік-технологиялық факультетінің жұбы арнайы жүлдеге ие болды.