Ел ағаларымен кездесу

Пресс-служба     30 Sep,2020        

Шәкәрім университетінің ректоры міндетін атқарушы Байжуманов Мұхтар Қазбекұлы ел ағаларымен кездесіп, ұсыныс-кеңестерін тыңдады.

Ел ағаларының үлкен жоспарларға қосатын ұсыныс-кеңестерін тыңдау мақсатында дөңгелек үстел басына жинаған Мұхтар Қазыбекұлы жақынырақ таныса отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ректор міндетін атқарушымен  кездесуге университетіміздің және қаламыздың белді де беделді ақсақалдары жиналды.

Кездесу соңында Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнайы шара ұйымдастыру туралы ұсыныс қаралды. Сондай-ақ, ақсақалдар қауымы Мұхтар Қазыбекұлының жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Надырбек Апсалямов «Шәкәрім университеті елімізге белгілі оқу ордасы. Сондықтан осы қарқынды әрі қарай дамытып, жақсы университет болуға тілектеспіз!»

Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Тоқаев «Бұл ұжым ел қамын ойлап, адал еңбек етіп, өмір үлгісін көрсетіп жүрген ғалымдар мен оқытушылардың және әр салаға маман дайындап жатқан оқу орны. Келешекте де жақсы шыңдарға шығып, мықты мамандар дайындап жаңа жетістіктерге қуана берсін. Ал, жаңа келіп жатқан басшығы ақ жол тілейміз. Әрқашан жақсылықтың, қуаныштың, берекенің төрінде болсын!»

Филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов «Университет ректоры Мұхтар Қазыбекұлы  унвиерситеттің ыстық-суығында бірге жүрген тәжірибелі ұстаздарды, ақсақалдарды жинап, жақсы мазмұнды әңгіме өткізді.Біз де университетіміздің гүлденуіне, жақсы болуына үлесімізді қосатынымызды білдіріп ұсыныстар жасадық. Коммерциялық емес акционерлік қоғамға толық көшкеннен кейін де жақсы жұмыстарымызды жалғастыра берейік деген тілегіміз бар. Қай істе болмасын көмектесуге әзірміз.