“Елбасы феномені” дәрісі оқылды

Пресс-служба     26 May,2019        

Бүгін «Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия» форумының қонағы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасың директоры Рахымжанов Әмірхан Мұратпекұлы университет ұстаздарымен студенттеріне «Елбасы феномені» дәрісін оқыды. Алдымен Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы деректі фильм көрсетілді. Дәріс барысында Елбасы туралы тың деректер айтылып, еліміздің қалыптасуына қосқан зор үлесі жайында сөз қозғалды.

Кездесу соңында Әмірхан Рахымжанов университетке елбасы туралы сирек кездесетін кітаптар сыйлады. Сонымен қатар форумды ұйымдастырғаны және мазмұнды бағдарламасы үшін университет басшылығына алғысын білдірді. “Сіздердің жоғарғы оқу орындарында  жастар үшін жаңа көкжиектер мен үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Мен олардың талантты, креативті және мақсатты екенін көремін. Олар Қазақстанның болашағы. Түлектеріңіздің есімдері біздің елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі болады деп сенемін”, – деді А. Рахымжанов.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Әмірхан Рахымжановқа біздің қалаға сапары үшін алғыс айтып, семейліктердің Қазақстанның өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы Әмірхан Рахымжановты «Абай елі» алғысымен марапаттап, университет жастары алғысын білдірді.