«Елбасы жолы» фильмі көрсетілуде

Пресс-служба     29 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде үш күн бойы факультет студенттеріне «Елбасы жолы» кино туындысы көрсетілуде.

Тұңғыш Президент күніне орай өтіп жатқан бұл шара жыл сайынғы дәстүрін жоймай келеді.

«Бұл киноны қанша көрсең де жалықпайсың. Себебі Елбасындай ұлы тұлғаның осындай дәрежеге қиындықтарды жеңу арқылы жеткені әрбір жас үшін қызықты деп ойлаймыз» дейді факультет студенттері.

Елбасының сара жолын көрсетіп, тәрбиелік мән беретін бұл кино жастарға мотивация берері анық.

«Кино жастардың мәдениетін қалыптастырып, Елбасына деген құрметін арттырары сөзсіз» дейді ұйымдастырушылар.