Электронды оқыту- оқытудың өзекті жаңа түрі

Пресс-служба     16 Mar,2020        

Электронды оқыту-қазіргі уақытта оқытудың өзекті жаңа түрі болып табылады, осыған байланысты 10 наурызбен 15 наурыз аралығында”e-Shakarim электронды университеті” орталығының ұйымдастыруымен бірқатар іс- шаралар өткізілді.

Университеттің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Жандос Мұқаев пен “e-Shakarim электронды университеті” орталығының басшысы Гүлсара Берікханова факультет декандарымен кездесіп, күндізгі бөлім студенттері үшін оқу контенттерін сапалы пайдалану бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында Bandicam бағдарламасының қолданылуы көрсетілді.

Электронды университет қызметкерлері университеттің бас инженері Тұрсын Мадиевпен бірге кафедра меңгерушілері мен тьютер – оқытушылар үшін күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне арналған оқу контенттерінің сапасын жақсарту бойынша семинар-тренинг өткізді.

Сондай-ақ, жоғарғы Агротехникалық колледж  бен  Дайындық бөлімі «Foundation» орталығының студенттері мен оқытушылары модуль жүйесіне қосылып,осы жүйе арқылы  қашықтықтан білім алуға көшті.

Электронды университет орталығының қызметкерлері жұмыс барысын түсіндіріп, белсенді қызмет атқаруда.