Ең үздік контент

Пресс-служба     19 May,2019        

17 мамыр күні Шəкəрім университетінің электрондық университет e – Shakarim орталығында “Ең үздік контент” сайысы өтті.
Сайысқа қашықтықтан білім беретін оқытушылардың арасынан білімді де белсенді, танымы жүйрік оқытушылар қатысты.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1.Таныстыру

2.Бəйге

3.Сұрақ- жауап

4.Кім жеңеді
Сайыс соңында әділқазы алқалары барлық кезең бойынша ортақ ұпайды шығарып, жеңімпаздарды анықтады: Гран приді – “Қаржы” кафедрасының меңгерушісі Хасенова Клара Ергешбайқызы жеңіп алды. (Контент “Корпоративтік қаржы”)
1 орынға – Психология кафедрасының оқытушысы Блок Иннеса Николаевна ие болса (Контент”Заң психологиясы”)
2 орынға – “Геодезия жəне құрылыс” кафедрасының оқытушысы Шәкерова Құралай Болатханқызы тұрақтады (Контент”Инженерлік геодезия”)
3 орынға – “Стандартизация жəне биотехнология” кафедрасының аға оқытушысы Тулькебаева Гүлнар Есенжанқызы ие болды (Контент”Тамақ өнеркәсібін дамытудың заманауи бағыттары”)

Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.  Сайысқа қатысушылармен көрермендер жаңаша конттенттермен танысып, білмегенімізді үйрендік дейді.