«Ең үздік StartUp-жоба» байқауының апталығы өтті

Пресс-служба     27 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің Co-Working орталығында жыл сайынғы дәстүр бойынша «Ең үздік StartUp-жоба» байқауының апталығы өтті.
Алғашқы күні қаланың кәсіпкерлері мен «Атамекен» ҰКП мамандарының қатысуымен арнайы бизнес-тренинг өткізіліп, жастарымызға ақыл-кеңестер берілді.
Байқауға 5 факультеттен ауылшаруашылық, экологиялық мәселелер, қызмет көрсету, әлеуметтік сала және технологиялық үрдістер тақырыбы айналасында 15-ке жуық жоба ұсынылды.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша:
1 орын – «AESCULAP» жобасы (үй жануарларына арналған кешенді қонақ үйі), Аграрлық факультет студенттері
2 орын –« Перистальтический насос-дозатор» жобасы ( әмбебап насос-дозатор), Инженерлік-технологиялық факультет
3 орын – «Шебер» жобасы (мүгедек жандарға арналған шеберхана), Өнер және спорт факультеті иеленді.
Аталмыш жүлдегерлер келесі аймақтық стартап байқауларында университет намысын қорғайтын болады. Алдағы уақытта осы жобаларды дамыту және сапасын арттыру іс-шаралары жоспарлану үстінде.