«Ең үздік студенттер үйі – 2019»

Пресс-служба     02 May,2019        

30 сәуір күні Шәкәрім университетінің «Jas Otan»ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Ең үздік студенттер үйі – 2019» сайысы өткізілді. Байқауға барлық жатақхананың белсенді студенттері қатысты.

Сайыс екі кезеңнен тұрды: сыртқы және ішкі.  Сыртқы сайыста қыздар арасында волейбол және ұлдар арасында футбол ойындары болды. Сондай-ақ, әр жатақхананың ең үздік бөлмелері анықталды.

Ішкі сайыста қатысушылар «Таныстыру», «Жатақхана – студент көзімен» (видео байқау), «Кім тапқыр» ситуациялық сұрақ және «Өнерге шек жоқ»  кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Жатақхана тәрбиешілері: №1 жатақхана – Адильбаева Жанар Толеугазиевна

№2 жатақхана – Абжанова Гульжан Манатбековна

№3,№4 жатақхана – Садыкова Амангуль Каниевна, сайысқа үлкен үлестерін қосып, студенттерге қолдау білдірді.

Қызықты әрі тартысты өткен сайыста жеңілген жатақхана болмады. Барлығы да арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. «Үздік староста» аталымын №2 жатақхананың старостасы Мұратхан Аружан иеленсе, «Өнерлілер ордасы» номинациясымен №3,4 жатақханалары марапатталды. Ал, ең басты «Ең үздік студенттер үйі – 2019» аталымын №1 жатақхана жеңіп алды.